Тіліңізді таңдаңыз

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
«Біз буллингке қарсымыз! Достық пен сыйластық – ортақ құндылығымыз» тақырыбында психологиялық сабақ өткізілді

«Біз буллингке қарсымыз! Достық пен сыйластық – ортақ құндылығымыз» тақырыбында психологиялық сабақ өткізілді

2026 жылғы 6 қарашада «Қарой бастауыш мектебі» КММ-де білім алушыларға «Біз буллингке қарсымыз! Достық пен сыйластық – ортақ құндылығымыз» тақырыбында буллингтің алдын алу, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру, оқушылардың бір-біріне деген құрметін арттыру мақсатында психологиялық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында оқушыларға буллинг ұғымы, оның түрлері және жағымсыз әрекеттердің адамға тигізетін кері әсері туралы түсінік берілді. Тақырыпқа байланысты әңгімелесу, жағдаяттарды талдау және қозғалмалы ойындар ұйымдастырылды. Сабаққа 4 оқушы қатысты.