ШҚО білім басқармасының Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының Самар ауданы бойынша әдіскер-үйлестірушісі С. Айдарқызы 2026 жылғы 13 қарашада «Ә. Молдағұлова атындағы орта мектебі» КММ-де кеңес беру пунктін ұйымдастырды.
Кеңес беру пунктінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай психологиялық тренингтер өткізілді. Білім алушылардың эмоционалдық көңіл күйін көтеру, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, бір-біріне деген сыйластық пен сенімді нығайту мақсатында «Көтеріңкі көңіл күй – жан азығы» тақырыбындағы тренингтер ұйымдастырылды.
Тренинг барысында қатысушылар көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын қызықты жаттығулар мен психологиялық ойындарға қатысып, жағымды эмоцияларымен бөлісті. Сергіту сәттерінде бір-біріне жылы лебіз білдіріп, жақсы көңіл күйдің адам өміріндегі маңызын сезінді.
1–3-сынып оқушыларымен көтеріңкі көңіл күйді қалыптастыруға арналған қызықты және релаксациялық жаттығулар орындалды. 5–8-сынып оқушыларымен түрлі сергіту және топтық шығармашылық жаттығулар өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жағымды эмоционалдық орта қалыптастыру, күйзелістің алдын алу, қарым-қатынас мәдениетін дамыту және әр адамның бойындағы позитивті көңіл күйді нығайту.





