Осы аптада еңбек өтілі 2 жылға дейінгі өңірлік педагог-психологтарды біріктіретін және 2026-2027 оқу жылы бойы жұмыс істейтін Жас психолог мектебінің алғашқы сабақтары өтті.
Алғашқы кездесу аясында педагог-психолог қызметінің нормативтік-құқықтық негіздері, ППҚҚ жұмысындағы педагог-психологтың рөлі мен құжаттамаға қойылатын талаптар қарастырылды. Қатысушылар жұмыстың негізгі алгоритмдерімен, мамандардың өзара әрекеттесу тәртібімен және профилактикалық жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысты.
Сабақтар екі тілде өткізілді:
Орыс тілінде — спикер Гаджиева Юлия Петровна. Сабаққа 35 жас психолог қатысты.
Қазақ тілінде — спикер Фазымова Аяулым Жеңісқызы. Сабаққа 20 маман қатысты.
Алғашқы сабақ облыстың 55 жас психологін біріктірді.
Жас психолог мектебі — кәсіби дамуға, тәжірибе алмасуға, практикалық құралдарды меңгеруге және мамандық жолын енді бастаған психологтарға қолдау көрсетуге арналған алаң.
Алда жаңа кездесулер, өзекті тақырыптар, практикалық сабақтар және әріптестермен бірге кәсіби өсу мүмкіндіктері күтіп тұр.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!





