Тіліңізді таңдаңыз

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
Қатысушылар облыстық семинарда

Өскеменде кәмелетке толмағандарды экстремизм мен деструктивті діни ағымдарға тартудың алдын алу бойынша облыстық семинар өтті

2026 жылғы 20 қарашада Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ-сі ҚАЕУ Жоғары колледжінің базасында кәмелетке толмағандарды экстремизмге, терроризмге және деструктивті діни ағымдарға тартудың алдын алу мәселелері бойынша облыстық семинар өткізді.

Іс-шараға өңірдегі орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтері қатысты.

Семинарда жастар санасына деструктивті ағымдардың әсері мен мінез-құлықтағы қауіп белгілері, тәуекел тобындағы оқушыларды анықтау және олардың отбасыларымен жұмыс істеу ерекшеліктері, мектептер мен колледждердегі психологиялық-педагогикалық қолдау тәжірибесі талқыланды. Практикалық бөлімде нақты жағдайларға арналған кейс-практикум өтті.