2026 жылғы 17 қарашада Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де оқушыларға, ата-аналарға және педагогтерге арналған консультациялық пункт өз жұмысын жалғастырды.
Жұмысты ШҚО білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы» КММ-нің Шемонаиха ауданы бойынша әдіскер-үйлестірушісі Коновалова Ольга Петровна жүргізді.
7-сынып оқушыларымен «Өз ортамызда: достық ізгі әрекеттен басталады» тақырыбында психологиялық сабақ өткізілді. Сабақ қатыгездіктің алдын алуға, достық қарым-қатынасты нығайтуға және өзара қолдау көрсету дағдыларын дамытуға бағытталды. Оқушылар адамның іс-әрекеті ұжымдағы қарым-қатынасқа қалай әсер ететінін, өзгенің қиындықтарын байқаудың маңызын және құрдастарына қалай көмек көрсетуге болатынын талқылады. Сабаққа 15 оқушы қатысты.
7, 10 және 11-сынып оқушыларымен «Сенің қауіпсіздігің маңызды» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Кездесу барысында отбасындағы қатыгездік, буллинг пен кибербуллинг, қауіпсіз мінез-құлық тәсілдері және ересектерден дер кезінде көмек сұраудың маңыздылығы талқыланды. Оқушыларға Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының байланыс деректері ұсынылды. Әңгімеге 21 оқушы қатысты.
Өткізілген кездесулер балалардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға, өзара көмек көрсету дағдыларын және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, мектепте мейірімді әрі қауіпсіз орта құруға бағытталды. Консультациялық пункттердің жұмысы жалғасады.





