Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

ЕРЕКШЕ НАЗАРДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ОҚУШЫЛАРДЫ СҮЙЕМЕЛДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы” КММ мамандары жоғары назар аударуды қажет  ететін топ оқушыларын сүйемелдеу бойынша жүйелі бақылауды ұйымдастыру аясында қала және аудандардың 84 педагогтарын қамти отырып, 28  мектебінің қызметіне мониторинг жургізіп, көрсетілетін психологиялық- педагогикалық көмектің тиімділігін бағалау бойынша жұмыс кеңестерін өткізді. Кеңес барысында, директордың тәрбие немесе әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасарларының (бұйрық бойынша жұмыс  жургізуге жауапты тұлға), әлеуметтік педагог пен педагог-психологтың тарапынан қойылған қосымша сұрақтарына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мектеп бойынша диагностика нәтижелері де қаралды. Жиналыс Zoom платформасында онлайн форматта өткізілді.