14.05.2026 жылы ШҚО ББ «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек көрсету орталығы» КММ мамандары ШҚО ББ «Риддер колледжі» КМҚК психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметіне мониторинг жүргізді.
Іссапар барысында білім беру ұйымының мамандарына суицидтік тәуекелдер мен буллингтің алдын алу, сондай-ақ ерекше назарды қажет ететін білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесін ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
Мониторинг қорытындысы бойынша қызмет жұмысын одан әрі жетілдіру бағыттары айқындалып, кәмелетке толмағандармен жеке, профилактикалық және түзету жұмыстарын ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді.





