Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысына мониторинг

Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысына мониторинг

29.05.2026 жылы ШҚО ББ «Өңірлік психологиялық қолдау және көмек көрсету орталығы» КММ мамандары ШҚО ББ «Өскемен көпсалалы колледжі» мекемесінің психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің қызметіне мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында суицид пен буллингтің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ ерекше назардағы кәмелетке толмағандарды сүйемелдеу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

Жұмыс қорытындысы бойынша берілген ұсынымдар қызметтің тиімді бағыттарын айқындауға, білім алушылар мен олардың ата-аналарымен өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық көмектің нәтижелілігін арттыруға бағытталған.