2026 жылғы 19 мамырда Орталық басшысы «Заң мен тәртіп: құқықтық кеңістіктегі жасөспірім және экстремистік көріністердің алдын алу» PvE Labs жобасын іске қосу бойынша жұмыс кездесуіне қатысты. Кездесу барысында ішкі саясат, білім, ішкі істер басқармаларының, прокуратураның, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің, PREVECA II сарапшыларының және үкіметтік емес сектордың өкілдері Шығыс Қазақстан облысында жобаның даму мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады: жаттықтырушылар құрамын даярлау, жасөспірімдерді жаттықтырушыларды оқыту, оларды ынталандыру, сондай-ақ жобаны іске асырудың күтілетін нәтижелері қаралды.
Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг, суицидтік тәуекелдердің, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жобаларды іске асыруда серіктес болып табылады және олардың мазмұнына үлес қосады.





