Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

2026 жылғы 17 маусымда Шығыс Қазақстаноблысының білім басқармасы «Өңірлік психологиялыққолдау және көмек көрсету орталығы» КММ бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсауәрекеттер мен аяқталған суицидтің себептері мен факторларын зерделеу мәселелері бойыншаВедомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

Отырысқа білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдарының өкілдері, Шығыс Қазақстан облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, «Жанұя» отбасы қолдау орталығының мамандары, сондай-ақ облыстың білім бөлімдерінің басшылары мен мамандары, орта және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында 2026 жылдың II тоқсанында тіркелген кәмелетке толмағандар арасындағы аяқталған суицид пен өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттердің фактілеріқаралды. Әрбір жағдай бойынша білім беру ұйымдарының жүргізілген профилактикалық жұмыстары, кәмелетке толмағандар мен олардың отбасыларына көрсетілген психологиялық-педагогикалық қолдау шаралары, сондай-ақ оқиғадан кейінгі ведомствоаралық өзара іс-қимыл туралы ақпарат тыңдалды.

Ерекше назар дағдарыстық жағдайлардың туындауына ықпал еткен себептер мен факторларды талдауға, психологиялық қолайсыздық белгілерін дер кезінде анықтауға, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің жұмысының тиімділігіне және ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдерінің сақталуына аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша әрбір жағдайбойынша қосымша ұсыныстар әзірленді, профилактикалық жұмысты күшейтуге, тәуекелтобындағы кәмелетке толмағандарды ерте анықтаутиімділігін арттыруға, балалар мен олардыңотбасыларын дағдарыстан кейінгі сүйемелдеудіжетілдіруге, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған шаралар айқындалды.