Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Республикалық жұмыс тобының отырысына қатысу

2026 жылғы 8 мамырда Психологиялық қолдау орталығының басшысы Л. Куземко мектеп психологтарына көмек көрсетуге арналған диагностикалық құралдарды іріктеу бойынша республикалық жұмыс тобының кезекті отырысына қатысты.

Жұмыс барысында ұсынылған әдістемелердің артықшылықтары мен кемшіліктері, оларды қолданудың тиімділігі мен орындылығы, сондай-ақ өткізу кестесі талқыланды.

Алдағы уақытта ұсынылған әдістемелерді өңірлер базасында апробациядан өткізу және оларды психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесіне енгізу жоспарлануда.

Жұмыс тобының қызметі жалғасуда.