2026 жылғы 8 мамырда Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығының басшысы Лилия Куземко Білім басқармасының өңірлік білім бөлімдерінің басшыларымен өткен жұмыс кеңесінде сөз сөйледі. Кеңес барысында буллингтің, суицидтің алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың нәтижелері талқыланды.
Кездесу барысында алдыңғы кеңестерде берілген ұсынымдар мен шешімдердің орындалуы қарастырылып, атқарылған жұмыстардың қорытындылары талданды. Сондай-ақ оқушылармен жүргізілетін жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған қосымша шаралар әзірленді.
Кеңес қорытындысы бойынша қала және аудандық білім бөлімдерінің басшылары мектеп директорларымен, директордың орынбасарларымен және педагог-психологтармен кәмелетке толмағандармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерін талқылау бойынша кездесулер өткізеді.
Қабылданған шешімдер жоғары назарды қажет ететін балаларға қатысты мақсатты шаралар қабылдауға, буллинг пен құқықбұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ олардың психологиялық әл-ауқатын жақсартуға, оның ішінде жазғы кезеңде де қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда.





