Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Жас психологтар мектебінің қорытынды сабағы

2026 жылдың 20 мамыр күні Өңірлік орталықта Жас психологтар мектебінің (2 оқу жылы)  қорытынды сабағы өтті.

Сабақтың тақырыбы:

«Мұғалімдерге психологиялық қолдау көрсету және эмоционалды күйзелістің алдын алу».

Сабақ барысында жас педагог-психологтар:

-эмоционалды күйзелістің белгілері мен себептерін талдады;

-педагогтерге психологиялық қолдау көрсету әдістерімен танысты;

-тәжірибелік жаттығулар мен рефлексия жұмыстарын орындады;

Кездесу пайдалы тәжірибеге толы болды.

Педагогтің эмоционалды жағдайы — білім беру сапасының маңызды бөлігі. Сондықтан психологиялық қолдау көрсету мен эмоционалды саулықты сақтау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып қала береді.